• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Семейдің оқушылары «Нұрлы жол» Жолдауын талқылады 06.02.2015

Рафаэль Даутбаев «ҚР Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына» кәсіби тарих пәнінің мұғалімі ретінде  өз ұстанымын білдірді. Семей қаласы әкімдігінен атап өткендей, ол тыңдаушылардың назарын Жолдауды жазуға түрткі болған жаһандық экономикалық процесстерге тоқталды.

Ұлттық қор неліктен тартылғанын, қандай әлеуметтік және экономикалық бағдарламаға Қор қаражатын жұмсалатынын, кімдер және қалай оны қадағалайтынын жан-жақты әңгімелеп берді. Не себепті мұнай құбыры, энерготасымалдаушылар мен автомибиль жолдары және темір жолдар  құрылысы жылдамдатылып отырғанына түсініктеме берді.

Кездесу соңына қарай ол барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, түлектерді географияны жақсы білуге және инженерлік мамандықтарға әуес болуға шақырды.


Back to the list