15.01.2015
Хабарламада айтылғандай, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Жолдауын түсіндіру бойынша Ақтөбе қалалық әкімдік жанындағы 24 ақпараттық топ жұмыс істеуде. Оның құрамына қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме жетекшілері, ұйымдар мен кәсіпорын жетекшілері, қаланың ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы енеді.
Өткен екі айда ақпараттық топ 48 кездесу өткізіп, оған 2 343 адам қатысты. Кездесулерден бөлек ақпараттық топ оқу орындарында да осы секілді шаралар қолға алды. Сонымен қатар қала ұйымдары мен кәсіпорындарында Жолдау таныстырылды. Екі ай ішінде 318 шара өткізіліп, оған 19 мың қала тұрғыны қатысты.