• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Румынияның Парламентінде Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты талқыланды – СІМ 21.12.2014

 Ұлттық заң шығарушы жиналысы алдында шетелдік мемлекеттің басшысының жолдауының оқулары – Румыния тарихындағы бірінші және бірегей оқиға болды.
Жолдаудың тексін Қазақстан мен Румыния арасындағы парламентаралық ынтымақтастығын ілгерілетудің белсенді қуаттаушысы және парламенттік дипломатиясының лидерінің бірі болып табылатын Парламент Сенатының Қорғаныс, қоғамдық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ионель Агригораю оқыды.

Румындық заң шығарушы жиналыс Қазақстанның жетістіктеріне үлкен баға беріп, Мемлекет Басшысының жолдауындағы қойылған мақсаттарының орындалуына сенім білдірді. Жолдаудың тындалуы «Қазақстан мен Румыния арасындағы стратегиялық ынтымақтастығының маңыздылығының» анық айғағы болып, «румындық саяси элитасының қазақстандық Көшбасшысы, қазіргі замаңғы Қазақстанның құрушысы Президент Н.Ә.Назарбаевтың аса көрнекті тұлғалығы мойындауының және шынайы құрметінің жарқын дәлелі» деп ерекше атап өтілді.

 


Back to the list