12.12.2014
«Қазіргі жағдайда көрегенді саяси жетекшілікке мұқтаждық бар. Мұндай нақты бағыт пен мақсаттар Республика Президентінің Жолдауынан көрініс табады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламалық құжаты бүгінгі күнді абыроймен өткізіп, ертеңгі күнге нық сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді», - дейді Ж.Стегликова.
Оның айтуынша, басты мақсат – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру. Әлеуметтік жаңғырту азаматтық қоғамның дамуына тікелей байланысты. «Мен өзімнің Отаным Қазақстанға келгенде Қазақстан Республикасы экономикасының өсіп келе жатқанын ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандық халықтардың да өмір сүру деңгейінің күн санап өсіп келе жатқанын көремін. Отандастарым қоғам өміріне белсенді араласып, өздеріне деген сенімдері артқан. Болашақтыың кілтін қолдарына алып, бір сөзбен айтқанда, қолдары ауыздарына жетті», - дейді.
Бас директордың айтуынша, бүгінгі Қазақстанның экономикалық және саяси жетістіктері барша қазақстандықтар еңбегі мен Президенттің көрегенді түрде жүргізіп отырған саясатының арқасы.