10.12.2014
Сенатор Р. Ахметов «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты елдің және әр адамның өмірін жақсартуды көздейтін нақты істерді шешуге бағытталғанын атап өтті. «Президент жолдарды қан тамырларына теңей отырып, оларды дамытуға ерекше мән береді, жолдар мемлекетті одан әрі өркендетуге тікелей байланысты», - деді сенатор.
Р. Ахметов сондай-ақ аудан орталығындағы жаңа емханада болып, 600 орындық мектеп және 100 орындық интернат құрылысының барысымен танысты.