08.12.2014
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сенатор Еңбекшіқазақ ауданындағы мекемелер қызметкерлерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен және гуманитарлық-экономикалық колледждің еңбек ұжымымен, Түрген, Қаракемер, Евгенемаловодный ауылдық округтерінің, сондай-ақ Шелек және Есік қалаларының тұрғындарымен кездесті.
Жүздесу барысында Жолдауды ықыласпен қарсы алған Алматы облысының тұрғындары оның негізгі ережелерін талқылай келіп, Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басым бағыттарын іске асыру жайында ойларын ортаға салды.