08.12.2014
Хабарламада айтылғандай, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовпен бірлесіп ішкі істер министрі өндірістік нысандарды аралап, онда «Агромашхолдинг» ЖШС, «ССГПО» АҚ ұжымдарымен кездесіп, Рудный қаласындағы жедел басқару орталығының ашылуына қатысты.
«Агромашхолдинг» АҚ ұжымымен кездесу барысында еліміздің бас полицейі Мемлекет басшысының алға ауқымды міндеттер қойып отырғаны мен экономика және әлеуметтік салада айтарлықтай жауапкершілік жүктелгенін еске салды. «Осынау міндеттемелерді тек қоғамдық тәртіптің өз деңгейінде сақталғанында ғана жүзеге асыра аламыз», - деді Қасымов.
Оның айтуынша, полицейлердің түрлі қажеттіліктеріне керек арнайы автокөліктер шығаратын зауытты іске қосу ҚР заңнамасында толықтай қарастырылған.
«Рудный қаласында ішкі істер министрі мен әкім ішкі істер органдарының жеке құрамымен кездесіп, Жедел басқару орталығын ашты», - делінген хабарламада.
Әкімдіктің хабарлауынша, алғашқы уақытта қалада 20 камера жұмыс істейтін болады. Олар халықтың барынша көп жүретін жерлерінде орнатылмақ. Сонымен қатар, қаланың кіреберісіне қойылады. Бұлар қаладағы қоғамдық тәртіпті айтарлықтай деңгейде сақтауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында ішкі істер министрі азаматтардың жеке сұрақтарына да жауап берді.