08.12.2014
«Денсаулық сақтау саласы да өсіп-өркендейді деп сенеміз. Қазірдің өзінде елімізде, соның ішінде біздің өңірімізде де санавиация қызметі дамуда. Жақында ғана облыс әкімі аймақтағы медициналық ұйымдарға автокөліктердің кілтін табыстады. Егер жол жөнделіп, өңірлер арасына жол қатынасы жақсарса, денсаулық сақтау саласының осы қызметі онан да жандана түсері сөзсіз», - деді Л.Құлтаева.
Онда ана мен балаға, жағдайы ауыр науқастарға шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндігіміз де артар еді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауда тұрақтылық пен келісім ұғымына түсінік берді, деп атап өтті ол.
«Оны отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана, ал бейбітшілікті әке мен ананың қуанышы, ата-аналар денсаулығы және балалардың бақытымен байланыстырған Нұрсұлтан Әбішұлы осы орайда еліміздегі жетім, тастанды балаларды отбасыларына тартуды, сол арқылы, патронаттық тәрбиеге көңіл бөлуді алға тартты. Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді тапсырды. Бұл Жолдауды бақытқа апарар бағдар деп білемін», - деді ол.