• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының  халыққа Жолдауы нақтылығымен және қойылған міндеттердің маңыздылығымен ерекшеленеді  - депутат 05.12.2014

Халық қалаулылары Жамбыл ауданында болып қайтты. Парламентарилер ауыл тұрғындарымен кездесу барысында мемлекеттік саясаттың алғы шарттары мен халық алдына қойылған міндеттер жайлы кеңінен айтып берді.

«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы нақтылығымен және қойылған міндеттердің маңыздылығымен ерекшеленеді. Алдағы қаржы-экономикалық қиындықтарға байланысты Президент мемлекет қаржысын басымдылық берілген салаларға бағыттауды тапсырды. Олар еліміздің көлік-логистикалық, индустриалды және энергетикалық инфрақұрылымдар саласын дамыту үшін жұмсалады», - деп атап өтті «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының мүшесі  Нұрлан Жазылбеков.

Іс-сапар аясында депутаттар Қазақстанның адуынды ақындарының бірі Үмбетәли Қарибаевтың құрметіне ашылған әдеби-мемориалды мүзейінің жұмысымен танысып қайтты.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақтағы депутаттардың жұмысы жалғасады.


Back to the list