02.12.2014
Оның айтуынша, «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуде жаһандық қадам болып табылады. «Біз, денсаулық сақтау қызметкерлері ретінде елде денсаулық сақтау және білім беру бағдарламаларының жалғасын табатынына үлкен сеніммен қараймыз. Өздеріңізге де белгілі, осы орайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі елдегі денсаулық сақтау саласы сапасын арттыру мен азаматтардың денсаулығын нығайту тұрғысынан ауқымды шаралар атқармақ», - дейді ректор.
Оның айтуынша, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті қазақстандық денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуге күш салады. «Біз «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаттың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануымыз керек. Университет ұжымы қазақстандық денсаулық сақтау саласына жоғары білікті мамандар дайындауға қолдан келгеннің бәрін жасайды», - дейді ректор.
Жиынға қатысушылар Елбасы Жолдауын атқаруда жемісті еңбек ететіндеріне сенім білдіріп тарқасты.