02.12.2014
Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Шыңғыс Бескемпіров, Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауы еліміздің стратегиялық мәні зор құжаты болып табылады және осы Жолдауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жастарына сенім білдіріп, оларға қатысты сұрақтарға айрықша көңілін аударды.
«Нұрлы Жол» Жолдауына қатысты О.Е.Кутафин атындағы құқық академиясының бірінші проректоры, заң ғылымдырының докторы Елена Грачева - «Әлемдегі экономикалық дағдарыс кезеңінде Н.Ә.Назарбаев маңызды және орынды шешім қабылдады. Қазақстан мен РФ тығыз қарым-қатынаста болғандықтан Н.Ә.Назабаевтың халқына Жолдауы Ресейге де маңызы зор» - деп атып өтті.
Жолдауға қатысты өздерінің оң көзқарастарын РФ жанындағы Қаржы университетінің Жоғары мектебінің директоры Сергей Шохин және К.А.Тимирязев атындағы мемлекеттік университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы Сергей Гарник білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық студенттер де терең пікір алмасқа қатысып, Жолдауда көрсетілген маңызды бағыттары бойынша еңбек етуге дайын екендіктерін айтып өтті.