28.11.2014
««Нұрлы жол» — жаңа істер бастамасы. Бұл тіркестің өзінде терең ассоциациялық мән бар. Бұл — дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы, экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы, жалпы айтқанда, «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол», - деді ол.
Мемлекет басшысы дағдарыстың белең алуына қарамастан, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға баса назар аударуды тапсырды. Осы тапсырма негізінде бірінші болып білім саласына тоқталды.
« Елбасымыз апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын шешу үшін қосымша 70 миллиард теңге бөлетін болды. Апаттық жағдайдағы үш ауысымды мектептердің орнына жаңасын салу өте жауапты әрі маңызды жұмыс. Бұл — балаларға жасалған жақсылық пен оқу сапасын арттыру жолы. Апаттық мектеп бала өміріне қауіпті болса, үш ауысымды мектеп қолайсыздық тудыратыны тағы бар. Біз одан кезең-кезеңімен арыламыз. Жолдау әр қазақстандықтың жағдайын түзеп, тұрмысын жақсартып, экономикалық кедергілерден арылудың бағытын көрсетіп отыр», -деді Ж.Самұратова.
Ол атап өткендей, жаңа бағыттағы бағдарлама еліміздің еңсесін биік ұстап тұру жолындағы игі бастамалардың жалғасы болмақ. Жаңа Жолдауды қоғам мен халық үшін қызмет ететін маңызды құжат деп есептеймін.