28.11.2014
«Кеңес жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың басшылары қатысты. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті халыққа арналған пайыздық мөлшерлемелері төмен әлеуметтік арендалық тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қарауды тапсырған болатын», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арендалық тұрғын үйді салу мен сату тетігін таныстырды. Осы мақсаттар үшін Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 180 млрд. теңге, оның 35 млрд. теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға, 145 млрд. теңге арендалық тұрғын үйді салу мен сатуға бөлінеді. Жалпы холдинг қаржыландырудың қосымша көздерін ескере отырып, арендалық тұрғын үй құрылысына 250 млрд. теңге бағыттауды жоспарлап отыр. 2020 жылға дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй 1,4 млн. шаршы метрді құрайтын болады.
Сондай-ақ, кеңесте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін салу, үш ауысымды және апатты мектептерді жою мәселелері қаралды.
Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында 2015-2017 жылдары 36 балабақша мен 67 мектеп салу жоспарлануда, қаржыландырудың жалпы көлемі 90 млрд. теңгені құрайтын болады.
Бұдан өзге, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы үшін базалық ретінде белгіленген 10 ЖОО-ның инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын дамытуға 10 млрд. теңге бөлінетін болады.