• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда ҚР Президентінің Ұлытау баурайындағы ой  толғауына арналған конференция өтті 10.11.2014

Конференцияны «Қазақ тілі мен мәдениет» қоғамдық қоры аймақтың ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Аталып өткендей конференцияның мақсаты - төл тарихымызды, қазақ руханияты мен тілін, насихаттау, батыр балаларымыздың өткеніне тағзым ету, ұлттық патриотизмді, қазақстандық мемлекеттілікті күшейту.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында зиялы қауым жалпы ұлттық құндылықтарымызды нығайтуда шешуші рөл атқаруы керек деп атап өткен.

«Қасиетті Көкшетау жері қазақ тарихының қалыптасуында аз рөл  атқарған жоқ. Ол еліміздің саяси аймағы ретінде тарих беттерінен ойып тұрып  орын алды. Абылай қазақ хандығының астанасы Орданы Көкшетауға көшірді және қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін Ұлытау баурайында соңғы сайланған Кенесары хан өз қолына алды», - деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары С.Садуақасов.

Толықтыра кетейік, аталмыш шараға ҚР БҒМ ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры А.Қышқынбаев, филология ғылымдарының доктары, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ұстазы  С.Негимова және өзгеде білім беру саласының мамандары қатысты.


Back to the list