• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Т. Аман-Турлина:  Жас ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту керек 06.11.2014

«Ұлытау баурайындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елінің төл тарихы туралы толғауы өте орынды. Тек өз-өзін түсіне алатын адам ғана әлеммен үндесіп өмір сүре алады. Ал, ол адам өзінің елінің тарихын білмесе мүмкін емес. Өткенін білмейтін елдің болашағы да бұлыңғыр», - деп атап өтті Т. Аман-Турлина.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жастарға көбірек үміт артады, сондықтан да олардың патриоттық сезімін дамыту керек. Себебі отанды қорғау - ол өзінің отбасыңды, аға, іні қарындастарыңды, балаларың мен немерелеріңді қорғауды білдіреді.

«Заманауи өмірде білім маңызды, көзі ашық көгірегі ояу жастарды тәрбиелеу керек. Біздің тәуелсіздігіміз қасиетті», - деді ол.

«Өзінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев мынадай салыстырмамен айқындай түседі: «Еменнің тамыры тереңге бойламаса, дауылға ол төтеп бере алмас». Мемлекет басшысының бұл сөзімен мен толығымен келісімін», - деп түйді ол.


Back to the list