• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Ысқақов:ТЖ саласы қызметкерлерінің қиын жұмыстарының нәтижесі – құтқарылған адамдардың  өмірі 17.10.2014

Соңғы жылдары астаналық Департамент қызметкерлері үлгі боларлық, мақтауға тұрарлық қайсар ерліктерімен көзге түсті.

«Қазақстан дүниежүзінде тұруға қолайлы және қауіпсіз елдердің бірі болуы керек», - деп Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

«Осы ретте, жыл санап астаналық ТЖ Департаментінде Мемлекеттік өртке қарсы қызметі мамандарының қатары артып келеді. Жыл санап Астана қаласы ТЖ департаментінің техникалық қамтылуы артып, қызметкерлердің кәсіби біліктіліктері шыңдалып, құтқару операцияларының жеделдігі ұшталып келеді», - деді ол.

Шаһардың стратегиялық маңызды нысандарында әрдайым оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек, ТЖД көршілес елдердің ТЖ қызметтерімен тәжірибе алмасып тұрады.

«Бүгінгі күні Астана қаласы ТЖ департаменті – бұл білікті мамандармен және заманауй техникамен қамтылған мықты жедел әрекет ету қызметі болып табылады», - деді ол.  

Айта кетейік, 19 қазан күні Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күні болып есептеледі. 


Back to the list