• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті өскелең ұрпақ үшін үлгі тұтарлық тұлға  - депутат 16.10.2014

«Менің ойымша өскелең ұрпақтың үлгі тұтарлық тұлғасы - ол біздің Президент. Мұндай мәдениетті тұлғалар өте аз. Оның үстіне, Елбасы қазақ қоғамының дамуына үлкен үлес қосты», - деп мәлімдеді Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты.

С. Еңсегенов атап өткендей, біздің еліміздің рухани-өнегелік сипатын күллі әлем біледі.

«Мен халықтың адамымын, Атырау облысынан сайланған депутат ретінде көптеген аймақтарда және шет мемлекеттерде іс-сапармен боламын. Осы ретте айтарым, Қазақстанды күллі әлем біледі және еліміз өте танымал», - деді ол.

Бұдан басқа, сенатор, Елбасының Ұлытау баурайында берген сұхбатын тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысы Ұлытау баурайында берген сұхбатында халқымыздың толғандырып жүрген тарих, тіл, Қазақстан халқының даму мәселелерін кеңінен әңгімеледі», - деп толықтырды халық қалаулысы.

Өз кезегінде атап өтерім бұл мәселелердің барлығы өзінің заңнамалық шешімін тапты.

Индира Кауметова


Back to the list