14.10.2014
«Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді сақтау мен дамыту мәселесі мен өскелең ұрпақ тәрбиесі мен дәстүрлі құндылықтарды сақтау және дәстүрлі дініміздің рухани мұрасы туралы келелі ой айтты», - дейді әкім.
Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ж.Мақанов өз сөзінде Мемлекет басшысының берген сұхбатының негізгі бес тақырып бойынша өрбігенін айтады. Атап айтар болсақ, олар тарих, дін, тіл, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен әлемдік жағдайға байланысты Қазақстанның экономикалық дамуындағы басым бағыттары.
Мемелекет басшысының сол сұхбатына орай Қостанай облысындағы атқарылар жұмыстар үш бағытқа бағытталды. Ақпараттық жұмыс, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және қоғамдық-саяси жұмыстар.
«Бүгінгі таңда тарихқа ден қоюымыз тегін емес. Бұл жаһандық үрдістер мен жаһандану және ақпараттандыру заманының талабы. Осының барлығы жаңа бағыттарды ашады. Мемлекеттің болашағы жаңа тарихты зерделеу кезінде ұлттық мәдени кодының сақталуына, тіл, руханият, дәстүр мен мәдениеттің тұтастығын қамтамасыз етуге тікелей байланысты», - дейді өңір басшысы.