• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елбасының Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін дамыту бастамасын қолдаймын – Жүнісов 07.10.2014

«Ұлытау баурайында Президенттің берген сұхбатында бүгінгі таңдағы заманауи экономика, ел тарихы, тіл мен дін мәселесі жан-жақты қамтылды. Ол ел экономикасын өрге сүйреудің бір кілті ретінде білім беру сапасын арттыру керектігін баса айтты. Осы орайда халықтың рухани және мәдени құндылықтарын да өз деңгейінде ұстап тұру қажеттілігіне тоқталды. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жолының ашылуы өңір үшін стратегиялық маңызды шара екенін, осы арқылы жалпы Қазақстан экономикасының тасы өрге домалайтынын тілге тиек етті», - дейді профессор.

Оның айтуынша, темір жолдың ашылуы адамдарды жұмыспен қамтуда үлкен мәнге ие. Бұл жалпы елдің әл-ауқатын көтермек. Нәтижесінде, көптеген әлеуметтік мәселелер өзінің шешімін таппақ.

«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрлерін дамыту бастамасын қолдаймын. «Хабар» арнасына берген сұхбатында Елбасы елдің мәдени жәдігерлері мен қасиетті орындарды естен шығармау керектігіне тоқталғаны белгілі. Олардың арасында Ұлытау жерінің де ойып тұрып орын алатыны жасырын емес. Осы арқылы Елбасы бүгінгі күн қоғамының дін және тіл мәселесінен де айналып өткен жоқ. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ мәселесіне де кеңінен тоқталып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда одақтың берері мол екенін баса айтты. Сол сұхбатында Елбасы қазақстандықтардың өткені мен бүгінін сараптай келіп, ертеңі туралы да салиқалы дүниелер айтты», - дейді. Б.Жүнісов.


Back to the list