• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Отбасымның жайлы өмір сүруіне  барлық жағдай жасалған – Танбаев 01.10.2014

«Репрессия жылдарында менің әке-шешем жат елге қоныс аударады. Біз Ақтөбе облысының Байғанин ауданының тумасымыз. Мен дәл сол уақытта дүниеге келген екенмін. Бірнеше жыл бойы Өзбекстанда тұрдық. Дегенмен, әкем біздің отанымыздың Қазақстан екенін құлағыма құюмен болды. Бала кезімнен бері ата жұртыма қайта оралатынымды білген едім», - дейді Ж.Танбаев.

Ол Қазақстанда болып жатқан жағдайларды тұрақты бақылап отырған. «2000 жылы Президентіміздің көреген саясатының арқасында көптеген қандастарымыз секілді туған елге оралу бақытына кенелдік. Қуанышымызда шек болмады. Отбасымыздың Отанға оралып, біржола орнығып кетуіне мемлекетіміз көп жағдай жасады. Таяуда кезек бойынша «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданының коммуналдық үйінен үш бөлмелі пәтер алдық», - дейді ол.

Таңбаевтар  отбасында жеті адам бар. «Өзім екінші топтағы мүгедекпін. Қызым да бала кезінен бері мүгедек. Жұбайым «батыр ана». Президент пен жергілікті билікке алғысымыз шексіз. Біз мұндай жағдайға жетеміз деп үш ұйықтасақ түсімізге де кірмейтін», - дейді Ж.Таңбаев.

Сонымен қатар, Ж.Таңбаев Н.Назарбаевтың Ұлытау баурайындағы сұхбаты туралы өз пікірімен бөлісті.

«Жақында болған Ұлт көшбасшысының Ұлытау баурайында берген салиқалы сұхбатын бәріміз көрдік. Онда Мемлекет басшысы елдің болашағына көз жүгіртіп, қазіргі таңдағы мәдени-тарихи құндылықтардың ахуалы жайлы кеңінен әңгімеледі. Біз Отанның қадірін бір кісідей түсінген адамбыз. Шет елде жүріп ана тіліміз бен дәстүрімізді ұмытпаудың қамын жасадық. Ендігі кезекте біз осы құндылықтарды келешек ұрпаққа бүтін тапсыруымыз керек», - дейді Жарылқасын Таңбаев.


Back to the list