15.09.2014
«Еліміздің Ресей мен Беларусьпен бірігіп құрған Еуразиялық экономикалық одақты дұрыс түсінбей, оны өткеннің сарқыншағы, керітартпалық деп қабылдап жатқан зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін жиі естіп жатамыз. Қазан-ошақ айналасында айтылатын осы сынды сөздерді Елбасы сол сұхбатында да сынағанын бәріміз көрдік. Шын мәнінде, мынау интеграция заманында ешқандай да ел өзімен өзі отырып күн көре алмайды», - деді академик.
Оның айтуынша, жер асты байлығын шығаратын біздің ел үшін көршілермен интеграциялық қатынас ауадай қажет.
«Жер асты байлығының игілігін көру үшін біздің ол өнімдерді сыртқа шығаруымыз керек. Сондықтан да, ең алдымен көрші елдермен байланыс жасауымыз керек. Біздің бірден теңізге шығатын жолымыз жоқ. Біздің теңізіміз шығысымызда Қытай, батысымызда Ресей», - деді ол.
Бауыржан Мұқанов