• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бұл қалада мен барлық армандарымды жүзеге асыра аламын -  Астана құрдасы 05.07.2014

«Біз мерейлі мереке Астана қаласының туған күнін атап өтудеміз. Мен,  осындай әсем  шаһарда тұратынымды мақтан тұтамын. Бұл қалада мен барлық армандарымды жүзеге асыра аламын. Менің ойымша, Астана өзінің қарқынды дамуымен күллі әлемді таңқалдырады. Себебі, кез –келген қала бар-жоғы 16 жылда мұндай жетістікке жете алмайды», - деп Астана құрдасы ағынан жарылды.

Сонымен қатар, Меруерт қаланың дамуы мен ондағы зәулім нысандардың құрылысын өз көзімен көргенін тілге тиек етті.

«Мен 1998 жылы дүниеге келдім, яғни мен елорда құрдасымын. Мен қаланың дамуын, ондағы ғимараттардың құрылысын өз көзіммен көріп келемін және алдағы уақытта солай бола бермек. Менің сүйікті жерім «Ханшатыр» ОСО. Мұнда шетелден келген қонақтар көптеп келеді және олар ғимараттың архитектуралық ерекшелігіне таңданбай кетпейді», - деді Меруерт.

Меруерттің айтуынша, ол болашақта әнші болғысы келеді. Елорданың жас құрдасы қазақстандық эстраданы өзінің вокалдық қабілетімен бағындырмақшы.

«Болашақта әнші болғым келеді. Осылайша халықты өзімнің дауысымен және әнімен қуантатын боламын. Астана күні қарсаңында біздің елеміз бейбітшілік пен достықта өмір сүре берсін деген жүрек жарды тілегімді білдіргім келеді», - деп ол түйіндеді.

Индира Кауметова 


Back to the list