• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана жастарды шабыттандырады – елорда құрдасы 04.07.2014

«Менің ойымша, біз Астанаға қарап бой түзеуіміз керек. 16 жылдың ішінде қаламыз айтарлықтай деңгейде дамып, өзінің ерекшеліктерімен барша қазақстандықтардың көз қуанышына айналды. Астана бүгінгі жастарды шабыттандырып, жарқын болашаққа талпынуда жігер береді», - дейді Мерей.

Мерейдің айтуынша, мектепті бітіргеннен кейін ол архитектор мамандығын игеріп, Астананың сәулетіне үлес қоспақ.

«Менің арманым архитектор болу. Елордамызда салынып жатқан қазіргі ғимараттар мен үшін ерекше қызығушылығымды оятты. Ғимараттардың түр-түсін ойлап табу деген менің ең сүйікті ісім болмақ. Архитектор болу менің көңіл қалауым. Болашақта елорданың бұдан да сұлулана түсуіне үлес қоссам деймін», - деп арманымен бөлісті мектеп оқушысы.

Мерей мереке қарсаңында барша қазақстандықтар мен жерлестерін Астана күнімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын Астанамыз гүлденген үстіне гүлденіп, еліміздің мақтанышына айнала беруіне тілектеспін», - дейді Мерей. 

Индира Кауметова 

Фото-Азамат Алиев 


Back to the list