03.07.2014
«Мен Астанамен қатар өсіп келе жатқан тәуелсіз елдің ұланымын. Астанамыз бүгінде Нью-Йорк пен Дубай секілді әлемдік деңгейдегі атағы бар заманауи қалалардың қатарына қосылып келе жатыр. Қаламыз күн сайын өсіп, Қазақстанның жарқын болашағының бүгінгі күнгі көрсеткішіне айналды», - дейді оқушы.
Сонымен қатар, Маралдың айтуынша, Елордамыз тікелей Елбасының қолдауымен салынған, оның бірден бір туындысы болып табылады.
«Біздің бүгінгі қаламыздың жеткен жетістігі тікелей Н.Назарбаевтың арқасы деп білемін. Астана Елбасының қажыр-қайратының іс жүзіндегі көрінісі. Астана – егеменді Қазақстанымыздың бүгінгі символы», - дейді.
Марал өзінің болашақта Қазақстанның дамуына қалайша үлес қосатынын да жасырмады.
«Мектепті бітіргеннен кейін Назарбаев университетіне оқуға түссем деймін. Онда «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алып, елші болуды армандаймын. Осылайша өзімнің Отанымның гүлденуіне өзіндік үлесімде қосқым келеді», - дейді Марал.
Индира Кауметова