• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мен өз болашағымды Астанада елестетемін – елорда құрдасы 02.07.2014

«Астана – бұл керемет қала, ол қарқынды дамуда. Қазақстанның жүрегіне айналған Астанада өмір сүру бақыт. Бұл жерде достармен, отбасымен баратын көңіл көтеру орындары көп. Менің сүйікті жерлерім – «Бәйтерек», «Хан Шатыр». Мен өз болашағымды осы қалада елестетемін», - деді Темірлан.

Оқушы сондай-ақ, Мемлекет басшысының қала өркендеуіне қосып жатқан үлесін атап өтті.

«Астана өте заманауи қала. Бұл жастар шоғырланған қалалардың бірі. Біздің елордада жаңғыртылған технологиямен жабдықталған», - деді ол.

Темірлан атап өткендей, ол болашақта дәрігер болғысы келеді. Астана күніне орай ол барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеп, армандарының орындалуына тілектестігін білдірді.

Индира Кауметова

Фото-Азамата Алиев


Back to the list