• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың болашағы жарқын – А. Оспанова 01.07.2014

«Мен Астананың құрдасымын, менің ойымша, жас Астанамыздың болашағы әлі алда, алатын асулары мол. Мен қаланың архитектуралық сәулетіне қайран қаламын. Біздің елордамыз батыс пен шығыстың сұлулығын бір бойына жинақтаған ерекше шаһар. Мысалға, Есілдің сол жағалауын мен өз басым Дубай мен Сингапурға ұқсатамын», - дейді Аяна.

Астана құрдасының айтуынша, біздің елордамыздың әлемдегі ең озат қалалардың қатарына енуге барлық мүмкіндігі бар. Оған бірінші кезекте ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі түрткі болмақ.

«Мен үшін әлемде Астанадан артық қала жоқ. Қаламыз қазірдің өзінде еуразия жүрегі ретінде мойындалуда. Алдағы уақытта әлемнің орталығы болады деп үміттенемін. Аз ғана уақыттан кейін қаламызда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Сонда қалаға миллиондаған туристер келмек. Осы кезде біздің Астанамыз әлемнің назарын өзіне тартып, мақтаулы қалалардың біріне айналады», - дейді оқушы.

Аянаның болашақтағы арманы Назарбаев университетінде білім алып, еліміздің өркендеуіне өзіндік лесін қосу.

«Кез келген оқушы ретінде мен Назарбаев Университетіне түсуді армандаймын. Ол жерден әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті білім игеріп, Қазақстанымызды дамытуға үлес қосқым келеді. Менің ойымша, дұрыс білім ғана кісінің өмірден өз орнын табуға жол ашпақ», - дейді Аяна.

Индира Қауметова

Фото - Азамат Алиев


Back to the list