05.07.2017
Халық арасында, әсіресе жас жұбайлардың арасында кеңінен таралып кеткен бұл игі дәстүрге биыл 10 жыл.

Осы жылы неке қию салтанатына 38 жұп қатысты, олардың жас мөлшері 18-ден 40-қа дейін. Шара аясында жас жұбайлар арасында сыйлықтар мен жүлделер ойнатылды.


Бас жүлде – Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар. Рәсім аспанға шарларды жіберумен, той вальсін билеумен және тәтті торттан дәм татумен жалғасын тапты.


Мерейтойлық неке қию рәсімі ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен тұспа тұс келді. Осыған орай «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы шараның өтуіне қолдау білдіріп, көрме аумағында жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырды.
Шараға Қала күнінде 10 жыл бұрын некесін қидырған жұп қатысты.
Фото: Бауыржан Жуасбаев