08.07.2014
Тәуелсіздік алаңында салтанатты митингімен басталған шараға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері Асылхан Барменов қатысты.
Шара барысында «Саған, Астана!»атты эстафета эмблемасы бар түрлі-түсті шар ұшырылып, 5000-дай адам жалпыхалықтық жүгіруге қатысты. Олардың арасында балалар, жастар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, велошабандоздар, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. бар.
Дәл осы жерде 16 команда қатысқан қалалар мен аудандардың эстафетасы өтті.
Сонымен қатар, елорданың түйдей құрдастары 16 жастағы жасөспірімдер арасында бөлек сайыс өткізілді.