07.07.2014
А’Студио Астананың кезекті төл мерекесінің құрметіне өз тыңдармандарына ауқымды шоу тарту етпек. Сахнаға құрылған таңғажайып декорация, жанды дауыс әрі атышулы топтың симфониялық жаңа нақыштағы ұмытылмас хит әндері астаналықтарды ерекше әсерге бөлемек.
Оркестр авторы - A’STUDIO көшбасшысы Байғали Серкебаевтың інісі танымал композитор Алмас Серкебаев.
Арнайы концертке арнап Алмас Серкебаев әйгілі ұжымның «Джулия», «Стань моей молитвой», «Нелюбимая», «Солдат любви» хиттері желісімен «Фантазия» аспапты туындысын дүниеге әкелді.
Айта кетерлік жайт, ширек ғасыр бойы «А’Студио» ұжымы мінсіз сапалы аранжировкамен өңделген әрі кәсіби вокалды әндер сыйлауда. "A’STUDIO" – эстрада сахнасынан ойып орын алған, өз стилін қалыптастырған талғамы жоғары топ.
A'Studio тобы – ресей–қазақстандық эстрадасындағы ұзақ жобалардың бірі. Ең алғаш «Джулия» әнжинағы сәтті шыққаннан бері A'Studio тобының музыкалық талғамынан мүлде алшақ тағы бір буын өсіп шықты. The Beatles, ELO, AC/DC, Pink Floyd тыңдап өскен аға буын A'Studio тобының әндерін жатқа білсе, қазіргі жастар топтың жаңа тынысын жақсы біледі. Яғни A'Studio қашанда сұранысқа ие.
Сонымен қатар, «Қазақстан» ОКЗ сахнасында The Jigits тобы да өнер көрсететін болады.