07.07.2014
Концертте аты аңызға айналған Level 42, еуропалық танымал джаз ұжымы Mezzoforte өнер көрсетті. Концертің басты қонақтарының бірі бүкіл әлемге 30 миллион жазбасын сатқан, 18 әнжинағы әрі 40 үздік хиттерінің жиырмасымен әйгілі, Ұлыбританиядағы ең ықпалды топ саналатын, атышулы «Level 42» тобының негізін қалаушы Марк Кинг. Шараның тағы да бір қонағы танымал еуропалық джаз ұжымы «Mezzoforte» тобы. Итальян тілінен аударғанда «Mezzoforte» - «аса қатты емес» деген мағына береді. Бұған атышулы топтың миллиондаған тыңдармандары «алайда өте сапалы» деген баға беруде.
«Бұл топтың туындыларын естігенде, Солтүстік полюстің түкпіріндегі кішкентай елдің азаматтарының қара нәсілділерден жеткен «фанк» музыкасын ерекше сезінуіне қайран қаласың. «Mezzoforte» тобының орындауын тамашалап, нағыз «ләззатты сыйлаушылар» ұлтқа немесе нәсілге, тіпті ауа-райы жағдайына байланысты еместігін сезінесің», - дейді ұйымдастырушылар.
Жалпы, концертке келген қонақтар өнер иелерінің ән орындау қабілетін бірауыздан жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетерлік жайт, фестиваль Қала күнін мерекелеу аясында өткізілген ең танымал мәдени шаралардың бірі.