• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда күні қарсаңында 1200 қазақстандық «Нұр Отанға» қабылданды 07.07.2014

Көкшетауда партияға енгендердің ішінде аралас күрес түрінен әлем және Қазақстан чемпионы Ш.Рахмонов, «Көкше» академиясының ректоры Ш.Қасым, профессор, Еуразия халықаралық экономикалық академиясының академигі В.Кривошеев бар, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.

Алматы қаласының ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері де партия қатарына қабылданды. Солардың арасында К.Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Н.Тұрсынов, Орта Азия техникалық-экономикалық колледжінің директоры Ж.Баймұханбетова, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының атақты солисі Т.Күзембаев бар.

Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының 875 мыңнан астам мүшесі бар. 


Back to the list