• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорда күніне арналған ретро фестиваль өтеді. 06.07.2014

Астана тұрғындары мен қонақтары атақты орындаушылардың өнерін тамашалайды. Атап айтар болсақ олар 1967 жылдан бастап елдің сүйікті тобына айналған «Дос Мұқасан», «Жетіген» топтары.

Сонымен қатар шараға КСРО атын халықаралық деңгейде танытқан алғашқы қазақстандық әртіс Роза Рымбаева мен Ресейден келген Ресей және кеңес эстрадасының жарқын жұлдызы Юрия Антонова қатыспақ.

«Бүгін үлкен мереке – қала күні. Мен бұл концертке қатысып отырғаным үшін өзімді шын бақытты сезінудемін. Астана қаласының әкімдігіне осындай шараларды өткізгені үшін мың алғыс», - дейді Астана тұрғыны Сәкле Досанова.

Айта кету керек, мерекелік шаралар сериясында «Астана – орындалған арман» атты ретро фестиваль де бар.

Мадина Нұрбекова


Back to the list