06.07.2014
«Фестиваль түркі халықтарының мәдени интеграциясы процесінде өзіндік орнынтапқан ірі өнер шарасына айналды. Шараның тұрақты қонақтарының қатарында вокалшылар мен әр елдің аспапты музыкашылары бар. Бұл түркі музыкасы мұрасына арналған үлкен шара. Бұндай бастама тек Астанада ғана өтеді», - дейді ұйымдастыру комитеті.
Жалпы, фестивальдің соңғы алты жылда шараның қатысушысы ретінде 450 музыкашы мен барлық түркі халықтарының музыкасының мұрасын сақтаушы оқымыстылар тіркелген.
«Үш күн ішінде көрермендер жетіген, сыбызғы, сазсырнай, шертер мен өзге де көне қазақтың музыкалық аспаптарының даусын тыңдап, көңілдерін сергітті. Фестиваль бағдарламасында алғаш рет «Бағлама» атты түркі музыкасының даусы шықты», - дейді ұйымдастушылар.
Айта кету керек, шараға қатысушылар арасында вокалшылар, аспапты музыкашылар мен музыкалық және би ұжымдары да бар.
Камила Амирова