• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Республикасы Президентінің Астана туралы айтқандары 06.07.2014

«Астана – Қазақстанның жаңғыруының символы, көпұлтты мемлекет пен ондағы ерік-жігердің симолы. Бұл елдің қиын-қыстау кезеңдерде жарқын боашаққа деген берік сеніммен батыл қадамдарды атқаруының жемісі. Бұл ұлттың сенімі мен үмітінің, еркіндік ала отырып болашақтағы жетістіктерге деген сенімнің символы», - деген еді Н.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» (2005) кітабында.

Сонымен қатар ол Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикалық өсімінің қарқынын айта келіп, елорданы ауыстыра отырып қандай батыл қадамдардың атқарылғанын айтты.

Мемлекет басшысы «Қазақстандық жол» кітабында Астананы ауыстыру шешімінің тарихи жағдай екенін мәлімдеген еді.

«Елорданы сол кездері Целиноград деп аталатын қалаға көшіре отырып оған Астана деп ат бердік. Бүгінде бұл қала Қазақстанның мемлекеттілігнің айнасына айналып отыр. Бұл Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңнің басы», - дейді Елбасы.

«Астана – ұлы дәуір және Қазақстанның стратегиялық бағыты» мақаласында Президент Астананың тағдыры қазақстандықтардың тағдыры екенін айтқан еді. 


Back to the list