06.07.2014
Астана күніне орай салтанатты неке қию рәсімін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгін мереке күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде бір уақытта 37 жұптың некесі қиылды.
Жас жұбайларға арналған құттықтаулар айтылып, «Думан» ойын-сауық орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, сыйлықтар беріліп, жүлделер ұтысы өткізіледі. Сонымен қатар, жастар вальс биледі.
Салтанатты неке қию рәсімі Астанада жетінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жас жұбайлар өміріндегі осынау атаулы күннің маңызды мемлекеттік мерекемен байланысты болатынына қуанышты екендерін жеткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл некесін қиған жастар үшін есте қаларлық оқиға сондай-ақ, патриоттық рухты көтеріп, қаламызды мақтан етуге лайық жағдай.
Мадина Нұрбекова
Суретке түсірген Азамат Әлиев