• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жас дарындар «Шаттық» фестивалінің сахнасында өз өнерлерін Астанаға арнауды 06.07.2014

«Жалпы,  Астанадағы фестивальге 700-ге жуық дарынды балалар қатысуда. Олар Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Түркия мен Болгариядан келген жас әншілер, бишілер, халық әндерін орындаушылар мен сұлулық театрларының әртістері», - деп шара ұйымдастырушысы Әбдікәрім Дулат атап өтті.  

Сонымен қатар, ол фестивальге 5 пен 18 жас аралығындағы балалар қатысуда, деп толықтырды. Олар байқау бағдарламасына сәйкес вокал, хореография, аспаптық, сұлулық театры, сондай-ақ ерекше жанрларда өнер көрсететін болады.

Жас дарындылардың өнерін КСРО-ның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық әділ-қазы алқасы бағалайтын болады.

Айта кетерлік жайт, «Шаттық» фестивалі Астана күнінің оныншы мерей тойынан бастап үзіліссіз өткізіліп келеді.

Камила Амирова


Back to the list