06.07.2014
«Барша қазақстандықтар мен астаналықтарды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бұл ҚР Президентінің тарихи, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі. Оған біз күн сайын көркейіп келе жатқан Астанаға көз сала отырып көз жеткіземіз. Бүгінде Астанамыз әлемдегі айтулы саяси, мәдени, экономикалық, ғылыми орталыққа айналып отыр. Қазіргі таңда қаламыз тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар еуразиялық кеңістікте де өзінің халықаралық деңгейдегі лайықты орнын алды. Оған себеп Астанадағы халықаралық деңгейдегі ірі шаралардың өткізілуі», - дейді депутат.
Индира Қауметова