06.07.2014
«Біз Қазақстан өміріндегі Астананың маңызын айтарда бұл қаланың өңірлік және әкімшілік сипатқа қалай ие болып осы күнге қалайша жеткеніне мән беруіміз керек. Біздің Астанамыз қарапайым қала деңгейінен әлдеқашан асып кеткен. Қазақстандыықтар Астананы тек әкімшілік орталық ретінде танудан бөлек, бұл қаланы мәдени және рухани орталық ретінде де танып, мұнда спорт, өнер мен өзге де салаларда біздің өзімізді әлемге танытудың таптырмас жолы екенін ұғынуда», - дейді К.Ақтаева.
Оның айтуынша, Астанаға жұмыс іздей келген адамдар өздерін өздері жан-жақты дамытып, күткендегіден әлдеқайда биік деңгейге жетеді.
«Осы үшін ғана біз өзімізхдің отанымызға алғыс айта алуымыз керек. Сонымен қатар Астана қарапайым халықтың көкейіндегі көксегенін мұрат еткен саяси шешімдердің іске асырылатын мекені екені анық», - дейді.
Мадина Нұрбекова