• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
В.Косарев: Астана – барша қазақстандықтардың мақтанышы (ВИДЕО) 06.07.2014

«16 жыл ішінде Астана өзінің қалыптьасу мен гүлдену дәуірін өткерді. Қазіргі таңда қаламыз әлемдік қауымдастықтың көз тіккен жеріне айналды», - дейді депутат.

Сонымен қатар қала Қазақстанның ірі мегаполисі ретінде қалыптасу кезеңінде Астанада өткен халықаралық деңгейдегі шараларды атап өтті.

«Елордамыз ЕЫҚҰ Саммитінің орнына айналып, халықаралық діни конфессиялардың диалог алаңы ретінде әлемге танылды. Сонымен қатар халықаралық экономикалық форумдар секілді әлем экономикасының бүгіні мен болашағы да талқыланды», - дейді.

Депутаттың айтуынша, Астана барша қазақстандықтардың мақтанышы болып табылады.

«Астана өзінің тұрғындары мен барша қазақстандықтаға барлық жағдайды жасай отырып шеттен келген қонақтарды да шетке қақпай қонақжайлығымен қарсы алады. Астаны бүгінгі таңда барша қазақстандық мақтан тұтады. Өйткені ол бүгінгі таңда көркейіп келе жатқан жас еліміздің келбеті», - дейді.

Индира Қауметова 


Back to the list