• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана бейбітшілік қаласы деген атқа әбден лайық – Б.Жұмабаев (ВИДЕО) 07.07.2014

«Астана шын мәнінде де тек ТМД көлемінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі ең жас астаналардың бірі. Бұл Қазақстанның мақтанышы. 16 жыл ішінде қазақтың ұлан-ғайыр даласында осындай сәулеті мен дәулеті жарасқанр осындай заманауи қала салу екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Бұл бірінші кезекте біздің Президентіміздің еңбегі. Өздеріңіз де білесіздер 1999 жылы Астана бейбітшілік пен келісімнің қаласы деген атты иеленді. Елордамыз бүгінде бұл атаққа әбден лайық», - дейді Б.Жұмабаев.

Оның айтуынша, туристер «Атамекен» кешенін аралай жүріп біздің еліміздің шексіз байлығына таң қалып, соның ішінде елорданың сұлулығына таңдайларын қағады.

«Атамекен» кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде салынды. Оны да алғаш болып бастама етіп көтерген біздің Елбасы. Биыл бізге 13 жыл толады. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар біз Қазақстанның барлық 14 облысын қамти отырып, еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыны кеңінен таныстырамыз», - дейді.

Б.Жұмабаев мереке қарсаңында барша қазақстандықтарға құттықтауын жеткізді.

Индира Қауметова


Back to the list