06.07.2014
«Бұл мерейлі меркеде астаналықтардың тыныштығын қорғау біз үшін үлкен құрмет. Жалпы, біз тек астана күні ғана емес, өзгеде мерекелерде саймандарымызды сақадай сай ұстап, кез-келген төтенше жағдайға дайын отырамыз. Арнайы техникамызды алаңдарға кезекшілікке шығарамыз. Осылайша дер кезінде көммектің келуін қамтамасыз етіміз », - деді М. Ысқақов.
Сонымен қатар, ол мерекелік күндері көбіне төтенше жағдайлар орын алмайды деп атап өтті.
«Біздің жұмысымыз күшейтіледі, тіпті өзге органдардыңда жұмысы күшейтіледі. Осының арқасында барлық шаралар кикілжіңсіз өтуі керек болады», - деді ол.
Төтенше жағдай департаменті басшысының айтуынша, мерекелік шаралар өтетін барлық аймақтарда құтқару қызметтері жұмыс істейтін болады.
«Біздің күн сайынғы жұмысымыз бекітіліп қойған. Биыл 120 мерекелік шара қаланының түрлі бөлігінде өтеді. Демек, халық көптеп жиналады. Оларға қажетті жағдайда көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сондықтанда біз құтқару қызметтерінің кезекшілігін ұйымдастырдық», - деп М. Ысқақов түйіндеді.
Индира Кауметова