• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана туралы 10 тарихи дерек: «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені 07.07.2014

Этно-мемориалды кешен ашық аспан астындағы ерекше музейімен ерекшеленеді. Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен қалалардың ең сәулетті орындарының макетінен тұратын бұл кешен қаланың 1,7 гектар жерін алып жатыр.

Мұнда барша Қазақстанды алақандағыдай көріп, елдің архитектуралық және терихи күйімен танысуға болады.

Картада 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қала орналасқан. Мұнда елдің табиғи-климаттық аймақтары мен ландшафттары, архитектуралық және қала құрылысы ерекшеліктері анық көрсетілген. Ең бастысы мұнда өңірлердің тарихи және мәдени ескерткіштері. Парк ортасында ашық алаң бар. Онда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, кейін парк ішіндегі Қазақстанның картасын аралай жүріп еліміздің әр өңірінің ерекшеліктерімен жеке-жеке танысуға болады. Құрушылардың айтуынша, мұнда уақыт пен кеңістік өзінше бір үндестік тапқан.

«Атамекен» Қазақстан картасы» танымдық-көркемдік кешенінің кез келген кірушісі мемлекеттік тарихы, халықтың мәдениеті мен оның құндылықьтарымен еркін таныса алады.

Индира Қауметова


Back to the list