06.07.2014
113 жылдық тарих кезеңінде театр қала ішінде ғимараттан ғимарат, әртістер мен режиссерлерді ауыстырып көптеген қиыншылықтарды өткерді. Бірақ, өзіндік сұлулық, шынайылық, таусылмас шығармашылық қуат және өнерге деген сүйіспеншілік әр театр қойылымын қалалықтар үшін мерекеге айналдыратын.
Жас шығармашылық күштің келуі - орындаушылық шеберліктің жоғарылауына себепші болып, театр репертуарынан орыс және шетел классикасы орын алды. Жылдан жылға театр жанданып, туған жер мен оның аумағынан тыс жерлерде де танымалдылыққа ие болды. Мысалы, 1957 жылы А.Островскийдің пьесасы негізіндегі «Пучина» қойылымы Бүкілодақтық «Театральная весна» көрмесінде жоғары бағаланды. Ал, 1959 жылдан бастап орыс драма театры Максим Горький атымен аталатын болды.
Әр жылдарда орыс драма театры сахнасында Ұлы өнерге: Қазақ КСР-ның Халық әртісі Е.Орел - Целинно театрының алғашқы режиссері, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген әртістері Е.Марусина, С.Групп, Н.Миловидов, А.Ходаев, И.Горошевич, Н.Назарковская, А.Червов, Молдавияның еңбек сіңірген әртісі Р.Светинская, БАКСР еңбек сіңірген әртісі Д.Терентюк, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Ковалева, ҚР Халық әртісі В.Архипенков, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері С.Прилуцкая және тағы басқа тұлғалар қызмет атқарды. Олар туралы театр мұражайында фотосуреттер, әр түрлі деректер сақталған. Алдыңғы буын ағалар салып кеткен сара жол бүгінгі жас әртістердің есіңде мәңгі сақталады.
Горькийлықтардың әрқилы талантын ашып, өткір шешімдер қабылдап, тамаша премьералар жасаған режиссерлердің орны қашанда бөлек. Қайсарлық мінезбен, өнерді әр қырынан танытқан Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері И.Сермягин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, А.Попов атындағы күміс медаль иегері Ж.Омаров, ҚР КСРО-ның Халық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтары мен «Халық Қаһарманы» орденінің иегері Ә.Мәмбетов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ю.Ханинга-Бекназар, сондай-ақ, күні бүгінге дейін театрда сақталған заманауи, экспериментальды бағытты ұстанған Ресей мен Европа режиссерлері А.Каневский, В.Тыкке, О.Зарянкин, Л.Чигин, В.Бородин, Ю.Кокорин, Е.Геворкян, Й.Вайткус және тағы басқалар.
М.Горький атындағы орыс драма театры сахнасында көркемдік туындыны жасау барысында олар кейіпкерлердің, қарапайым адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білді. Олар сахнаға тірі адамды алып келуге тырысты, кейіпкерлерден көрермен өз бейнесін көрді.
Жылдар бойы театр өз көрермендеріне антикалық дәуірден бастау алған, Чеховтан Шекспирге дейінгі әлем әдебиеті жолдарын саралайтын әдебиет сабағынан дәріс бергендей. Мұнда Шескпир мен Мольер, Пушкин мен Достоевский, Горький мен Сейфуллин, Симонов пен Булгаков, Розов пен Әлімжанов, Дударев пен Әуезов шығармалары сыр шертті.
Деректер www.grdt.kz сайтынан алынды