06.07.2014
200 млн теңгеге облыстық бюджет есебінен 40 автокөлік алынған. Арнайы көлік алғашқы медициналық көмек көрсету үшін арнайы заманауи құрылғылармен жарақтандырылған, соның ішінде дефибриллятор-монитор, GPS навигациялық жүйесі мен мобильді байланыс орнатылған. Аталмыш бағыттағы автокөліктер УАЗ автоөндірісі базасында шығарылған. Сонымен қатар ол шалғайдағы ауылдарға қатынауда тарптырмас көлік болып табылады. Ауылдарға мұндай көліктің берілуі заманауи диагностикалық қызметтерді атқарып қана қоймай, сонымен қатар тұрғындарға дер кезінде медициналық қызмет көрсетіп, ЖКО кезінде жедел шара қолдануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
«Ұлт саулығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік-экономикалық стратегиясының басым бағыты болып табылады. «Қазақстан-20500» Стратегиясында ауыл халқының денсаулығы ерекше аталып өтеді. Облыс әкңімдігі тарапынан ауыл халқынығң денсаулығын арттыру, жедел жәрдем қызметін дамыту мен өзге де жұмыстарды тиімді дамуға жол ашу үшін көптеген шаралар қолға алынуда», - дейді облыс әкімі Қ.Бозымбаев.