• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана күніне орай Маңғыстау облысында бала-бақша ашылды 06.07.2014

«Балапан» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджет қаражатына салынған бала-бақша 280 орынға есептелген. Онда әр қайсысында 25 баладан бар 14  топ ашылған. Екі қабатты ғимаратта ағылшын және орыс тілі пәндерінің арнайы сыныптары, сурет өнері студиясы, өзін-өзі тану, компьютер сыныптары, музыка және салтанатты шаралар өтетін зал бар. Олардың барлығы дерлік қажетті құрал жабдықтармен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Бала-бақшада 70 адам жұмыс істейді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мұнайлы ауданының халық саны жыл сайын артып келеді. Осы ретте әлеуметтік нысандар саныда арттырылуда. 2007 жылы жаңадан аудан құрылған кезде мұнда 100 орынға есептелген жалғыз бала-бақша болатын. Бүгінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында олардың 23, салында. Атап айтатын болсақ, бала-бақшаның 11 – жекеменшік, 8 – мемлекеттік, 4 – шыған-орталықтар. Мектепке дейінгі біліммен 2918 бүлдіршін қамтылған. Бұдан басқа 1672 балғын бала-бақшалардың ересектер тобында білім алып келеді. Сонымен қатар, Маңғыстау ауылында 5, Атамекен мен Дәулетте 280 орынға арналған 3 бала-бақшаның құрылысы жүргізілуде. 2020 жылдың соңына дейін біз Елбасының тапсырмасын  және «Балапан» бағдарламасын 100%-ға орындаймыз», - деп бала-бақшаның ашылу салтанатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ағынан жарылды. 


Back to the list