• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысында «Саған, Астана!» эстафетасына 5 мыңнан астам тұрғын қатысты 06.07.2014

«Біздің елордамызға 16 жыл толып отыр. Тарих үшін бұл қасқағым сәт. Алайда оның дәл осындай қарқынмен дамып өркендеуі үлкен жетістік. Бұл бірде бір мегополистің тарихында болмаған жағдай.  Астана Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының жарқын жемісі», - деп Эстафетаның ашылу салтанатында аймақ басшысы  Нұрмұхамбет Әбдібеков ағынан жарылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жарыста мәреге бірінші болып Қарағанды спортшылары жеткен. Екінші Абай ауданының желаяқтары. Үшінші орынды Теміртау командасы иеленді. Жалпы, «Саған, Астана!» эстафетасына 5 мыңнан астам Қарағанды облысының тұрғыны қатысты.

Барлық спортшылар арнайы сыйлықтарға ие болды. Ол Астана белгісі бар қол сағаты және «Саған Астана» жарысына қатысқаны туралы марапат қағаз. Бірінші орынға тұрақтаған командаға алтынмен қапталған жүгіріп бара жатқан желаяқтың мүсіні берілді.


Back to the list