07.07.2014
Астананың имиджі ретінде танылған монументтің биіктігі 1997 жылы Астананың елорда болуымен сәйкестендірілген. Алып бәйтеректің басындағы көз тартар шар күн сәулесімен түрлі түске құбылып тұратын «хамелеон» шынысынан жасалған. Шардың диаметрі – 22 метр, ал салмағы – 300 тонна.
Монументтің басындағы шар – самұрық құсының жұмыртқасы образында. Бірнеше жылда бір рет қана жұмыртқалайтын самұрық құс жұмыртқасын басарда қауіпсіз, тыныш орын іздейді. Міне, сол самұрық қауіпсіз, тыныш әрі бейбітшіл жер деп Астананың төрін таңдап, алып діңгекті бәйтерек ағашының басына жұмыртқалапты.
Бәйтерек орналасқан өлкеде, жерде, аймақта, елде, мемлекетте бейбітшіліктің болуы – басындағы 17 жапыраққа әртүрлі әлем діндері өкілдерінің ақ тілек, ақ ниетпен жазған баталары себеп. Міне, бәйтерек пен самұрық жұмыртқасы жайындағы аңыз осындай. Ырзық пен бейбітшілік ала көтерген күннің шуақты сәулесі әуелі «Бәйтерекке» түседі. Осылайша, Тәңірі бізге бейбітшілік пен таусылмас ырзық сыйлап тұр.
Монумент өзінен бейхабар кімнің болсын назарын тартары ақиқат. Сәулеті жағынан еш нәрсеге ұқсамайтын осынау монументтің биіктігі – 97 метр. Мұның да өз сыры бар.
Индира Қауметова
Фотосуреттер hooponopono.kz сайтынан алынды
Ұқсас материалдар:
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салынады
Бас қала: Қол жеткізілген межелер мен алдағы жоспарлар
Ақмола облысы: Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштері
Астана қаласы әкімінің есебі: Көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетеміз
Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева