• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Хорватияда Қазақстан бас қаласының күніне орай іс-шаралар өтті 06.07.2014

Таныстыру рәсімін ашып отырып, Жоғары дипломатия мектебінің деканы, академик Иво Шлаус Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табысты дамуын, сондай-ақ қазіргі әлемдегі еліміздің маңызды рөлін атап өтті.

Хорватиядағы ҚР Елшісі Аслан Мусин Жоғары дипломатия мектебінің профессор-оқытушылық құрамы мен студенттердің алдында Қазақстан туралы лекция оқыды. Қатысушылар Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен қазіргі дамуы, мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, оның халықаралық аренадағы рөлі туралы ақпарат алды.

Қазақстанның жетістіктері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен, қазақстандық лидердің әйгілігімен, мемлекеттік даму мақсаттарын шешуге деген стратегиялық тәсілімен, әлемдік саясаттағы үлкен абыройы мен ықпалымен тығыз байланысты екені белгіленді.

Сонымен қатар, Хорватияның Дубровник қаласы мен Дубровачка-Неретванск жупанияларында ЭКСПО-2017 көрмесі туралы баяндау шеңберінде, Хорватияның мемлекеттік органдары басшылары мен іскерлік топтар өкілдерінің алдында Қазақстанның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселесі бойынша Қазақстанның заңнамаларына соңғы өзгерістері туралы ақпарат беріліп, таныстыру рәсімі өтті. Алматы мен Дубровник қалаларының арасында туыстас қатынастар орнату мәселесі талқыланды.

Оған қоса, Елшілік ү.ж. мамырда болған Хорватия аумағында су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетті.


Back to the list