06.07.2014
Салтанатты шара Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің құттықтау сөзінен басталды.
«Астана – мемлекеттік басқарудың жаңа орталығы. Ұлттық саяси триумф пен мемлекет басшысының озық идеясын жүзеге асыру символы. Көз алдымызда өзгеріп отыратын жас елорда Қазақстан халқының дамуының айнасы. Шын жүректен сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бейбітшілікпен, мейрімділік тілеймін, өсіп өркендей беріңіздер!»- деді С. Кулагин.
Аймақ басшысы елорданың құрылысына алғаш болып қатысқандарды алғыс хаттармен марапаттады, деп облыс әкімдігенен хабарлады.
Сонымен қатар, өздерінің жастығына қарамастан үлкен жетістікке жетіп үлгерген елорда құрдастары да алғыс хаттармен марапатталды.
Мерейлі мереке Көкшетаудың шығармашылық ұжымдарынының концерттік бағдарламасына ұласты.