06.07.2014
«Астана.Evolution» көрме жобасының басты идеясы елорданың жаңа келбетін кез-келген образда, архитектуралық стильдердің араласуында, түрлі жыл мезгіліне қарай көрсете білу болып табылады.
Елордалық қалалық табиғат, тұрғындар Instagram әлеуметтік желісінде таңдалып алынған көрменің басты жұмыс тақырыбына айналды.
«Мен үшін фотография ол сені қоршаған ортадан өзгеше дүиені табуға мүмкіндік беретін өнер. Сондықтанда мен үшін үздік кадр ол мен әлі түсірмеген кадр. Фотографтың болмысы ол әрқашан ізденісте жүреді», - деп көрмеге қойылған фото жұмыстарының авторларының бірі Максим Рожин ағынан жарылды. .
Айта кетерлік жайт, автор өзінің көптеген жұмыстарын әлеуметтік желіге орналастырады екен.
Сонымен қатар, көрме ұйымдастырушылары болашақта жаңа жоба елорда күнін атап өтуде тұрақты мәдени бағдарламалар қатарына кіреді деп үміттенуде.
Камила Амирова